2025 жылға дейін өңірде 36 спорт кешені салынады

Атырау облысы бойынша қызмет көрсетіп отырған спорттық обьектілер саны - 1139-ды құрайды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 4 спорттық кешен құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі күтілуде.

Атап айтқанда, Жанбай, Махамбет, Жарсуат ауылдарына және  Мақат кентінде спорт кешендерінің құрылыстары қарқынды жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары 36 спорт кешенінің, 25 воркауд жаттығу алаңының құрылыстарын салып, жүзеге асыру жоспарлануда.

Атырау облысында көптен бері өзекті мәселе болған дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының құрылысының да жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, келер жылы құрылысы басталады деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT