Ұлттық ойын тоғызқұмалақтан топ жарды

Махамбет балалар жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан 17-19 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында (классика, блиц) облыстық жекелей біріншілік өткізілді. Жарысқа Атырау қаласынан және Индер, Қызылқоға, Жылой, Махамбет аудандарынан барлығы 55 оқушы қатынасты.

Ашылу салтанатында Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Андашев Ержан Сағынұлы және Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, тоғызқұмалақтан спорт шебері Атырау облысының аға жаттықтырушысы Әшетов Құрманбай Мұқтасарұлы сөз сөйлеп оқушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында аудан намысын қорғаған 19 жастағы қыздар арасында Айдина Есенжан (Д.Төленов атындағы мектеп гимназиясынан), 17 жастағы қыздар арасында Аяна Ержан, 17 жастағы ұлдар арасында Диас Жексенбай (Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінен) І- орынға ие болды.

Осы облыстық іріктеу жарысында І-орын алған оқушылар 24-31 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өтетін Республикалық біріншілікке жолдама алды. Спортшылардың жаттықтырушылары Г.Маженова, Е.Алтыбаев, Ж.Ожаев.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT