Атырау қаласында облыстық мүгедектер спорт клубының ұйымдастыруымен соқырлар қоғамында көру мүшесі зақымдалған жандар арасында шахматтан облыстық чемпионат өткізілді.
Оған ауданымыздан жеті мүмкіндігі шектеулі жан қатысып, олардың жол және тамақтану шығындарын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі қамтамасыз етті.
Жүлделі 1 орынды Әсемгүл Габдуллина жеңіп алып, Астанада наурызда өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Жүлделі 2 орын Айна Жайсанбаеваға бұйырды. Қалған бес ойыншы жақсы ойын дәрежесін көрсетті.
А.ТЕКЕБАЙ.