3-7 ақпан күндері Атырау қаласында 2005-2006 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы бокстан Батыс Аймақтық Қазақстан Чемпионаты алдындағы іріктеу облыс біріншілігі өткізілді.
Махамбет балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Жолдыбаев Бекет І-орын (44 кг), Гуртовой Альберт ІІ - орын (36 кг), Қалыков Мухаммеджан ІІІ-орын (50 кг), Ердаулетұлы Ерназ ІІІ-орын (48 кг) бәрі де Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінен.
Аталған боксшылар алдағы уақытта Қазақстан Чемпионатына қатынасу үшін оқу-жаттығу жиынына Атырау облыс құрамы командасымен қатынасуға жолдама алды.
А.Текебай.