Үстіміздегі жылдың 4-9 қаңтар күндері Жамбыл облысы Қаратау қаласында Талас ауданының «Құрметті азаматы», мемлекеттік қоғам қайраткері Кеңесхан Ахаев Сәбденұлына арналған 2008-2009, 2006-2007 және 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир ұйымдастырылды.
Аталған шараға Алматы, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Тараз және Қаратау қаласынан барлығы 9 команда қатынасты. Атырау облысының атынан қатынасқан Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы топтық ойындарда Тараз, Қаратау, Қызылорда, Тараз-2 командаларынан басым түсіп, жартылай финалда Сыр елінің «Арал» командасын ұтты. Ақтық бәсекеде Тараз қаласының №5 мамандандырылған олимпиада ізбасарларын даярлайтын балалар спорт мектебінің командасын тартысты ойынмен ұтып, тұңғыш рет республикалық турнирдің чемпиондары атанды.
Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы И.Қалиасқаров жарыстың «үздік қақпашысы» деп танылды. Командамыз Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Д.Төленов мектеп-гимназия оқушыларынан құралды.
А.Алдешов,
жаттықтырушы.