«Ер жүректілер» спорт клубы 25 қаңтарда Махамбет жасөспірімдер-балалар спорт мектебінде үстел теннисінен өтетін ашық қайырымдылық турниріне шақырады.
Бұл қайырымдылық шарасы мүмкіндігі шектеулі жан А.Чечинге қол арба алуға байланысты ұйымдастырылып отыр. Барша жұртшылық, аудан тұрғындары, спортты сүйетін жандар бұл шараға белсене атсалысып, қайырымдылық іс жасап, сауапқа кенелсе деген ниеттеміз. Қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайды. Қайырымдылық бағытындағы бұл біріншілік ауданымызда тұңғыш рет өткелі отыр. Сіз ойынға тек жанкүйер, көрермен ретінде қатысып, қайырымдылық көрсетсеңіз де жетіп жатыр. Ашық турнирге 10 округтен 5 адамнан қатысып, бақ сынамақ. Бұл үстел теннисінен І қайырымдылық ашық турнирі болып саналады. Төрешілікті, қазылықты спорт мектебі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жүргізіп, жеңімпаздар анықталатын болады.
Келіңіздер, көріңіздер! Қатысамын деген талапкерлер 87781197287 нөміріне тіркеліп, спорттық киіммен келу сұралатынын қаперлейміз. Әр тұрғын шараға өз үлесін қосса, артық етпес еді.
М.ҚУАНГЕРЕЕВ,
«Ер жүректілер» спорт клубының директоры,
ІІ топ мүгедегі.