Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубтарының 2004-2006 жылы туған ұл-қыздары мен колледж студенттері арасында мектеп туризмінен облыстық біріншілік өтті.
Қашықтан өткізілген сайыс сұрақ-жауап, алғашқы медициналық көмек көрсету, жіп байлаудың түрлері және өз ауданы бойынша тарихи орындар мен шаруашылығы туралы сипаттап, сурет салу бөлімнен тұрды.
Сайысқа Атырау қаласынан,Құрманғазы ауданы, Сервис колледжісі, Жылыой ауданы, Индер, Мақат ауданы және Махамбет ауданы қатысты. Ауданымыздың намысын қорғаған Ақтоғай ауылының өрендері ІІ орынды жеңіп алды.
- Оқушыларымның нәтижесі жаман емес. Дегенмен бұдан да жақсы нәтижеге жету үшін алдағы уақытта керекті құрал-саймандарды жергілікті әкімшілік тарапынан демеушілік көрсетіліп, толықтырылса, нұр үстіне нұр болар еді, - дейді Ақтоғай орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Ғибадат Канконов.
К.САПАР