Футболшылар намысты

Атырау қаласында 2007, 2008, 2009 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

 Аталған турнирге ауданымыздан Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы да қатысты. Топтық ойындарда біздің спортшыларымыз «Атырау-2009(1) 3:5, «Атырау-2008(2) 1:0, «Атырау-2008(3) 3:4 ұтып, жартылай финалға, одан әрі «Атырау-2009(2) командасын 0:5 есебімен ұтып, финалдық бәсекеге жолдама алды. Финалдық ойында 4:2 есебімен ұтылған балғын футболшылар жүлделі 2 орынға ие болып, ауданның мерейін өсірді. Жарыстың жабылу салтанатында облыстық футбол федерациясы тете-президенті Эдуард Хисметуллин арнайы құттықтап, теңбіл допшыларға бағалы кубок, медаль, дипломдар табыстады. Жарыстың «үздік қорғаушысы» деп Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Сайын Медет танылды. Футболшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылары Ә.Идрисов пен А.Алдешов.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT