Головкин-Деревянченко жекпе-жегінде тағы бір титул сарапқа салынады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10КО) кездесуінде әлем чемпионының тағы бір белдігі сарапқа салынады, деп хабарлады Prosports.kz.

Боксшылар IBF нұсқасы бойынша бос тұрған орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан бөлек IBO вакантты титулын сарапқа салады.

«Орташа салмақта IBO титулының иегері Геннадий Головкин болатын. Ол титул 2011 жылдан 2018 жылға дейін GGG-ге тиесілі еді.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы 2010 жылдан 2018 жылға дейін WBA чемпионы, 2016-2018 жылдары аралығында WBC чемпионы болды», - делінген Халықаралық бокс ұйымының ресми сайтында.

Еске сала кетсек, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden кешенінде өтеді.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT