2019 жылдың 17-18 қыркүйек күндері Атырау қаласындағы соқырлар қоғамы ғимаратында тірек- қимыл аппараты және көру мүшесі зақымдалған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында «Дойбы-64» командалық чемпионаты өтті.
Чемпионатта Махамбет құрама командасынан Есбол орта мектебінің 3 сынып оқушысы Меңдіғали Жанерке жекелей ойнаудан жүлделі II орынды иемденсе, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның 1 сынып оқушысы Мұхаммедмади Ерланұлы алғашқы жарыста –ақ жақсы өнерімен көрінді.
Жалпы командалық есепте Махамбет құрама командасы IV орынды иемденді. Жаттықтырушы М.Қуангереев.
Өз тілшіміз