Роналду байлығының қаншаға бағаланатынын айтты

Туриндік "Ювентус" командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің дәулеті жайында сөз қозғады, деп хабарлады РИА Новости.

«Менің дәулетім жарты миллиард долларға бағалана ма? Менің ойымша дәл солай. 100% сенімді емеспін, дегенмен банктегі шотымда қомақты қаржы жатыр», - деді португалиялық футболшы.

33 жастағы форвардтың айтуынша, «Бугатти», «Феррари», «Макларен» және «Роллс-Ройс» сынды көліктерді қосқанда, оның гаражында 17 автокөлік бар.

Айта кетейік, «Ювентустің» шабуылшысы жылына шамамен 38 млн доллар табыс табады.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521