Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Ресей Премьер-лигасының «Химки» клубына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Transfermarkt.de мәліметінше, Қуат өзінің жаңа командасында ең қымбат ойыншы болып саналады. Оның құны 1,5 миллион еуроны құрайды. Қазақстандық футболшының бағасы 1,4 миллион еуроға бағаланған ресейлік хавбек Александр Ломовицкийден озып кетті.
Еске сала кетсек, Исламбек Қуаттың «Химкимен» келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін созылады. Өткен маусымда қазақстандық футболшы «Оренбург» түстерін қорғаған, алайда клуб Премьер-лигаға ілікпей қалды.
Сурет:дереккөз