Ел чемпионатына барады

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатына 2012-2013 жылы туған қыз балалар арасында облыстық іріктеу біріншілігі өтті.

 Облысқа қарасты аудандардан барлығы 8 команда қатысқан жарыс нәтижесінде, Махамбет ауданының волейбол командасы жүлделі 1 орынды, Жылой ауданы 2 орынды, Қызылқоға ауданы 3 орындарды еншіледі. 
Жеңімпаз командаға 26 қазан – 3 қараша күндері аралығында Түркістан қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама берілді.
Қанжығада – қос қола жүлде!
Жуырда Абай облысына қарасты  Семей қаласында каратэ до кекушинкайдан Қазақстан Республикасының кубогі өткен еді.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 550 спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында махамбеттік балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру- даярлық клубының 10 спортшысы болды. 
Жарыс нәтижесінде, жерлестеріміз 16-17 жастағы қыздар арасында Нұржайыққызы Аружан ІІІ орынды (Е.Ағелеуов 11 сынып), 14-15 жастағы 65 келі салмаққа дейінгілер арасында Ли Марк ІІІ орынды (Е.Ағелеуов 10 сынып) иеленді. 
Қазіргі таңда бұл спортшылар алдағы уақытта Тараз қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына жаттықтырушылары Айгерім Айшуақовамен бірге қызу дайындалуда. Жаттықтырушы Айгерім Айшуақова жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне алғыс білдіретінін жеткізді.
Б.МӘЛІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT