Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26-29 қыркүйек күндері аралығында аудандық балалар- жасөспірімдер спорт мектебі залында ауыл спортының жанашыры, білім саласының үздігі Марат Аменовты еске алуға арналған волейболдан ашық турнир ұйымдастырылды. Оған 2012-2013 жылы туған жасөспірім қыздардан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп жүрген туринирдің ашылу салтанатына Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж. Дүйсембаев, спорт саласының ардагері А. Қабенов, жанұясы атынан марқұм Марат Аменовтың ағасы Амангелді Аменов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Аталған турнирде Атырау қаласы, Исатай, Қызылқоға, Жылыой, Индер, Махамбет аудандарынан барлығы 12 команда қатысып, А және В топтарына бөлініп, өзара тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысымен І орынды «Атырау» командасы; ІІ орынды «Махамбет ауданы» командасы; ІІІ орынды «Атырау Ривер» командасы жеңіп алды.
Үздік шабуылшылар Аягөз Жаманқұл (Атырау волейбол академиясы командасы), Алтынзер Ұлықпан (Махамбет ауданы командасы), Кәусар Утенова (Атырау Ривер командасы), Назгүл Серік (Атырау Ривер командасы), Надежда Тамап (Көктоғай Индер командасы) атанды. Үздік ойыншылар болып Ерсайын Қадірлім (Джуниор командасы), Ринатқызы Амина (Махамбет ауданы командасы), Жаңабай Іңкәр (Қызылқоға БЖСМ командасы) атанады. Үздік байланыстырушылар Анель Стрелцова (Джуниор командасы), Жайнар Гүлім (Исатай ауданы командасы) атанды.Үздік қорғаушылар Қабылжан Гауһар (Атырау волейбол академиясы командасы), Қасым Гүлсезім (Құлсары Жем командасы) атанды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен М.Аменов жанұясы атынан кубок, медаль, диплом, сыйлықтар табысталды.
А.САТАЕВА