«Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен 2005, 2006 жылғы туылған жасөспірімдер арасында кіші аяқдоптан аудандық турнир Индер ауданында өтті.
Индербор поселкесінде өткен футбол жарысына бес команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысында өзгелерден оқ бойы озып шыққан Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасының балғын футболшылар чемпион атанып, жаттықтырушыларын, спорт мектебін қуантты.
Теңбіл доптан есе жібермей, жас спортшылардың бұл жеңісі ауданымызда спорттың бұқаралығы артқанын көрсетеді. Жарысқа теңбіл допшыларды жаттықтырып, дайындаған жаттықтырушылар- А.Идрисов, А.Алдешов.
А.АЛДЕШОВ,
жаттықтырушы.