Ашық турнирден жүлдегер атанды

Жуырда Шымкент өңірінің Сарыағаш қаласында Омар Қошқар Смайұлын еске алуға арналған 2005, 2006, 2007, 2008 жылғылар арасында бокстан республикалық ашық турнир өтті.

Оған Өзбекстан, Шымкент, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыс, қалаларынан 277 боксшы қатысты. Махамбет балалар спорт мектебінен Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің 4 оқушысы жүлделі 1,3 орындармен оралды. Атап айтсақ, Бекет Жолдыбаев жүлделі 1 орынды жеңіп алса, 3 орын Сұлтан Жолдас, Альберт Гуртовой, Мұхаммеджан Қапықовқа бұйырды. Спортшыларды жарысқа апарған жаттықтырушылар- Қ.Торбаев, М.Қайрош.

М.ҚАЙРОШ,

жаттықтырушы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT