Чемпионатқа жолдама алды

Атырау облысы жастары арасында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында үстел теннисінен 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында облыстық чемпионат өткен болатын.

Чемпионатқа ауданымыздан бес спортшы қатысты. Нәтижесінде Аружан Ғинаятова жекелеп ойнаудан 6-10 сынып арасында 3 орын және абсолюттік ойыннан 2 орынға ие болды.

Ерлерден Диас Жолшиев 6-7 сыныптар арасында 3 орынды қанжығасына байлады. Өмір Дидар 8-10 сыныптар арасында 4 орынды иемденсе, ал Әділет Кубайдуллин 8-10 сыныптар арасында «Алғыс хатпен» марапатталды. Сонымен қатар 9 «б» сынып арасындағы жарыста ең жақсы көрсеткішке жеткен Ақжол Кенжеғали жүлделі 3 орын алып, сәуір айының 1-6 аралығында Ақтөбе қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

А.АРМАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT