Ауданымыздың жас каратэшілері Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында каратэ до киокушинкайдан өткен ҚР чемпионатына қатысып, жүлделі орындармен оралды.
Байрақты додаға Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалалары және Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының спортшылары қатысты. Екі күнге жалғасқан ел чемпионаты 300-ге жуық каратэшінің басын бір татамиде тоғыстырды. Тартысты додаға 10 жастан жоғары спортшылар қатысты. Бұл жолы Атырау облысының намысын 27 каратэші қорғады,оның ішінде махамбеттік каратэшілер С.Ермекқали, З.Жақсылықұлы, С.Сабыржан, Н.Қашаубаева және Ш.Самат. Жарыс нәтижесінде қыздар арасында С.Сабыржан ІІ орынды, Н.Қашаубаева мен Ш.Самат ІІІ орынды иеленді.
А.АЙШУАҚОВА,
жаттықтырушы.