Ақжайық ауылында Жеңістің 73 жылдығына орай және Ауғанстан елінде интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жерлестеріміз М.Рахметов, А.Тұржанов, И.Мұсағалиевтарды еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында кіші аяқ доптан облыстық турнир өткізілді.
Осымен 17-рет өткізілген турнирге Махамбет, Алға, Қосарал, Есбол, Қызылүй орта мектептері командалары қатысты. Ойыншылар жоғары ойын өрнегін көрсетті. Турнир қорытындысында Алға орта мектебі командасы жеңімпаз атанса, жүлделі ІІ орынды Махамбет құрама командасы, ІІІ орынды Қызылүй орта мектебі командасы еншіледі. Турнир жеңімпаздарына кубок, естелік медальдар мен мақтау қағаздары табысталды. Сонымен қатар турнирде ерекше ойын өрнегімен көзге түскен ойыншылар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған турнирдің 17 жыл бойы- на тұрақты өткізілуіне демеушілік көрсетіп келе жатқан «Дастан» шаруа қожалығы басшысы Қоныс Ерманов.
Болат РАХМЕТОВ.