Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден озды

Отандық спорт ардагері Әбденәлиев Серік Әбденәліұлы өмірден озды. Бұл жайында ҚР Бос федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның бүкіл өмірі боксқа арналды. Серік Әбденәліұлы атақты спортшы, бірнеше рет ел чемпионы болды. Сонымен қатар мемлекеттік жаттықтырушы ретінде де өзін таныта білді. Оның басшылығымен боксшылар Атлантада төрт олимпиадалық медальді жеңіп алды. Ал Сидней олимпиадасында бокс жарыстарында төрелік еткен бірінші қазақстандық ретінде танылды. Федерация Серік Әбденәліұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген федерация сайтында жарияланған ақпаратта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT