Сарытоғай ауылында кіші аяқ доптан турнир өтті

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында Сарытоғай ауылы жастарының ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан турнир өтті.

Турнирге ауыл жастары және үлкендерінен құралған 12 команда қатысты.

fut160620-1

«Жалпы бұл біріншілік Сарытоғай ауылында осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Жастардың спортқа деген құлшыныстары артып келеді. Осыны ескере отырып, ауыл жастары осы турнирмен шектелмей, волейбол ойынынан да біріншілік ұйымдастыруды алға қарай жоспарлап отыр. Ауыл үлкендерінен демеушілік қолдау болып жатса, осындай шаралар дәстүрге айналып, жыл сайын қайталанып тұратын болады. Өткен жылы ауыл азаматы Әділ Жұбановтың демеушілігімен салынған спорт алаңы да жастарды спортқа ынталандыруға септігін тигізіп отырғанын айта кеткеніміз жөн»,- дейді ауыл тұрғыны Ибатолла Бағытжанұлы.

f

Үш күнге созылған турнирдің соңында жүлделі І орынға "1999", ІІ орын "1998",ІІІ орын "1988" командалары ие болды. Жүлделі орынға ие болған командаларға қаржылай сертификаттар мен грамоталар табыс етілді.

Бұған қоса Хайдаров Нұрым «Үздік қақпашы», Нұрманов Мирас «Үздік Сұрмерген», Ердәулетов Иван «Үздік Ойыншы» атақтарына ие болып, марапатталды.

Сондай-ақ үздік ойын өрнегін көрсеткен Нұрманов Мирас (12 гол), Нұрманов Елдар (10 гол), Төлешов Ардақ(7 гол), Есенаманов Бекарыс (5 гол), Қамиев Аманкелді (4 гол), Сембаев Бердумурат (3 гол),Нұршанов Айтөре (3 гол), Адылханов Жанарыс (2 гол), Багитов Асылхан (2 гол), Есеналиев Нұрсултан (2 гол),Қапсалықов Аманқос (2 гол), Ердаулетов Иван ( 2 гол), Мырзакелді Сұлтан (2 гол) да марапаттан құр қалмады.

Кенже Сапар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521