Баскетболдың бас жүлдесі - Жалғансайда

Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында  баскетболдан әйелдер арасындағы аудандық жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Қайырғалиев, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А. Қабенов, спортшы ардагерлер Е.Андашев пен  В. Жаңабаевалар спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарысқа аудан бойынша 4 команда қатысты.
Жарыс қорытындысымен І орынды «Жалғансай ауылы» командасы, ІІ орынды «Махамбет ауылы» командасы, ІІІ орынды «Талдыкөл ауылы» командасы жеңіп алды.
Махамбет ауылы командасының ойыншысы А.Серікова «Үздік шабуылшы», Жалғансай ауылы командасының ойыншысы Ә.Сейджанова «Үздік мерген», Талдыкөл ауылы командасының ойыншысы Қ.Өтеғалиева «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, диплом, сыйлықтарымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT