Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ересектер арасында волейболдан ашық біріншілік ұйымдастырылған-ды.
Оған Құрманғазы, Мақат аудандары, Ақтоғай, Алға, Бақсай, Бейбарыс, Махамбет командаларын қосқанда 7 команда қатысты. Әнұранмен ашылған ашық біріншілікті аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Андашев ашып, жарысқа келген шалғай аудандардан, ауылдардан келген спортшыларға толайым табыстар тіледі. Бас төреші Қайрат Идрисов те бар командалар жеңіс тұғырынан көрінуге тілектестік білдіріп, одан әрі ойын ережесімен таныстырды. Волейбол ойыны екі топтық айналым жүйесі бойынша өткізіліп, әр топтан 1-2 орынға үміткерлер А-1-52, А-2-57 командалар арасында финалдық айқасқа А-1 мен А-2 командалары ойнады. Үшінші орынға Б-1 мен Б-2 командалары кездесті.
Жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Андашев қорытындылап, турнирдің жеңімпаздарын, ең үздік ойыншыларын анықтап, марапаттауға көшті. Жүлделі 1 орынды Алға командасы жеңіп алды. Жүлделі 2 орын Бейбарыс командасына бұйырды. Жүлделі 3 орын Махамбет командасына бұйырды. «Ең үздік ойыншы» деп Жақсылық Джаменов(Құрманғазы), Ануар Шеркешбаев(Алға), Ержан Жұмабеков(Бейбарыс) танылды. Барылық жеңімпаздар дене шынықтыру және спорт бөлімінің 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен, кубоктарымен марапатталды.
А.Қуанышқалиева.