Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру,отбасыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау,мейірімділік асыл қасиеттерін өскелең ұрпаққа жеткізу,салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Балдырған» бөбекжайында «Отан-қуат,отбасы-шуақ!»атты отбасылық спорттық сайыс өтті.
I кіші «Ботақан» топ тәрбиешілері Лекерова Бибігүл, Бегімбаева Болған апайлардың ұйымдастыруымен өткен шарада 8 отбасыдан құрылған топ «Сұңқар» «Қыран» болып, екіге бөлінді. «Бала өсірген ата-ана,бала болып ойнайды» демекші, ата-аналардың бұл сайысқа белсенді, үлкен жауапкершілікпен дайындалғандары көрініп тұрды. Бір-біріне қолдау көрсетіп,топтық қарым-қатынаста болды. Ата-аналардың ойындарына бүлдіршіндер де қол соғып, оларға жігер беріп отырды. «Білімді кенгуру» бөлімінде есеп шығарса, «Көңілді вагон» бөлімінде ептіліктерін көрсетті. Қазақтың ұлттық ойындары да ұмыт қалмады.«Арқан тартыста» «Қыран» тобы мықты екендерін дәлелдеді. Ең соңғы шешуші сайыста әр топ басшысы «Күш сынасу» бөлімінде сынға түсті. Мұнда Оралтаев Нұрасылға тең келер ешкім болмады.Осы бөлімде Нұрасыл өз тобына тағы бір ұпайды қанжығасына байлады.Сайыс өз мәресіне жетті.Әділқазы алқасы Өтешқалиева Маржан апай ата-аналарға ризашылығын білдіріп,сайысты қорытындылады. Әдіскер Орынбасарова Гүлжанат жеңімпаздарды әділқазы шешімімен марапаттады. «Қыран» тобы жеңіске жетті.Мұндай мазмұнды шаралар өткізіп, ата-аналармен тығыз байланыс жасап жүрген тәрбиешілер қауымына дән ризамыз.
Қ.ИДРИСОВА,
ата-ана,
Бейбарыс ауылы.