Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланады.
Осыған орай ағымдағы жылдың 23 ақпан күні "Қазақстан спорттық ұлт" бөлімін жүзеге асыру бағытында қазақ күресінен ересектер арасындағы аудандық жарысы өтті. Жарысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.
Тартысты сайыстың бірнеше салмақ дәрежелері бойынша жүлдегерлер анықталды.
Қорытындысында 60 кг салмақта талдыкөлдік Бақберген Қабдолов, 70 кг салмақта махамбеттік Абылай Құрмет, 80 кг салмақта махамбеттік Нұрлыбек Аманғалиев, 90 кг салмақта махамбеттік Азамат Ақылбеков және +90 кг салмақ дәрежесінде белдескен махамбеттік Әбілсейіт Сұлтанов үздік атанды.
Әр салмақ дәрежесiндегi жеңiмпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, диплом, медальдарымен марапатталды.
"Жайық-Ақпарат"