Екінші орын «Махамбет» командасына бұйырды.
18-19 ақпан аралығында «Атырау» спорт кешенінде футзалдан ардагерлер арасында Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы «Санжар» ФК құрылғанына 7 жылдығына арналған турнир өтті.
Аталған жарысқа «Аламан», «Залина», «Каспий», «Санжар», «Болат» және «Махамбет» командалары қатысты. Облыстың үздік алты командасының арасында өткен тартысты кездесудің қорытындысында үшінші орынды «Аламан» жеңіп алса, екінші орын «Махамбет» командасына бұйырды, ал жарыс жеңімпазы болып «Санжар» командасы танылды.
«Махамбет» командасынан Ербол Есенжанов «Үздік қақпашы», ал Марс Қажы «Мерген шабуылшы», «Санжар» командасынан Самат Шарипов «Үздік қорғаушы», ал Жексенбай Хұсайынов «Үздік ойыншы» деп танылды.
Құрылғанына 10 жыл болған жергілікті ардагер спортшылардан құралған «Махамбет» командасының алар асуы әлі алда деп сенеміз.
«Жайық-Ақпарат»