Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық Камил Куруглиев еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалға шықты.

Әлем чемпионаты Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық балуан 30 шілдеде жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллимен күш сынасты. Белдесу барысында ол сенімді ойын көрсетті.

Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Енді ол 31 шілдеде финалда венгриялық Муса Ашрункаевпен тартысқа түседі.

Финалдық ойындар елорда уақытымен 21:00-де басталады. Сондай-ақ. ел құрамасынан Нұрданат Айтанов (51 келі)сол күні қола жүлдеге таласады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521