10-11 қыркүйек күндері Босния және Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында отырып ойнау волейболынан XXVII "Edin Ibrakovic" атындағы халықаралық турнирі өткен болатын.
Негізгі бөлігі Атырау облысы спортшыларынан құралған Қазақстан құрамасы аталған турнирге қатысып, жеңімпаз атанды.
Қазақ параволейболын дамытуға ерекше еңбек сіңіріп жүрген білікті бапкер Бауыржан Тахауовтың шәкірттері финалда Еуропа клубтық чемпионы Sinovi Bosne Lukavac командасын тізе бүктірді.
Айта кету керек, қараша айында дәл осы Босния мен Герцеговинада әлем чемпионаты өтеді.