Атыраулық шахматшы қыз әлем чемпионы атанды

Атыраулық 13 жасар шахматшы қызымыз Зарина Нұрғалиева Румыния елінде 14 жас аралығындағы ойыншылар арасында өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеті.

Зарина 72 елден жиналған 96 шахматшы бақ сынаған "классика" бөлімінде алтын жүлдеге ие болды. АҚШ, Канада және Ресей елінің өкілдерімен тең ойнаса, Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзірбайжан, Латвия және Ресей елінің шахматшыларын жеңіп, 11 кезеңде 9 ұпай жинады.

Осы арқылы қаршадай қызымыз көк туымыздың көкке көтеріліп, әнұранымыздың аспанда әуелеуіне себепші болды. Саңлағымызды бұл сынға белгілі жаттықтырушылар Жәнібек Аманов және Сабырбай Гайсин дайындады.  

Айта кету керек, Зарина 2019 жылы Беларусия елінде 12 жасқа дейінгілер арасында алтын жүлдеге ие болып, жергілікті спорт тарихында болмаған табысқа кенеліп, шахматтан өңірімізден шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанған болатын.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз