Атыраулық бапкерлер ұлығыланды

30 қазан ресми түрде елімізде бапкерлер күні болып табылады.

Айтулы күнге орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы бір топ бапкерлерді мерекемен құттықтап, спорттық атақтармен марапаттады.

Параволейболдан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Матеуов Ернар Жақсығалиұлы мен Ізмағанбетов Берік Аманқосұлы “Ұлттық дәрежедегі төреші” атағына ие болды.

Үш бірдей бапкер “Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы” атағымен марапатталды. Олар каратеден Избасқанов Болат Павелұлы мен Торғаев Сансызбай Салауатұлы және кикбокстан жаттықтырушы Юсупов Данияр Сайлыбайұлы.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары  жастарды дұрыс жолға бағыттап, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін бапкерлердің орны ерекше екенін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT