Жүргізуші өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

Атыраулық азамат көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұған дейін де жазаға тартылған азаматтың көлік жүргізу құқығы үш мерзімге шектелген. Алайда, ол бұл жазадан кейін де сабақ алмай, тағы заң бұзды. «Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған Т-ға қатысты іс қылмыстық заңнамаға енген жаңа өзгерістерге сәйкес қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Т үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, 2020 жылдың қаңтар айында Атырау қаласында алкогольдік масаң күйде әкесінің автокөлігін басқарған. Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылды, сондай-ақ 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп хабарлады облыстық соттан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT