57 жыл бір шаңырақ астында(видео)

Ауылымызда Болдыревтар отбасын білмейтін жұрт жоқтың қасы деуге болады. Өйткені, олар ауданның дамуына өзіндік үлесін қосып, беделі артқан десек, артық айтқандық емес.

Мария Болдырева 1936 жыл 20 қарашада Бақсай ауылында (қазіргі Ақтоғай) ауылында дүниеге келген. Қиын-қыстау уақытта өмірге келген Марияның әкесі 40-шы жылы соғысқа аттанып, анасы, сіңлісі және інісі бар тауқыметке төзе білді. Әкесі аман-есен соғыстан оралған соң Жаманқалаға (қазіргі Махамбет) қоныс аударады. Осы жерде мектеп-гимназияны аяқтайды, қызмет те атқарады. Ол 11-ауылда медициналық пунктің меңгерушісі қызметін, одан кейін аудан орталығындағы СЭС-да түрлі лауазымда отырады. Соңғы жұмыс орны – балабақшада медбике әрі меңгерушілік қызмет.

Ал жолдасы Павел Болдырев 1939 жылы Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) беделді отбасында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы ауылшаруашылық училищесін тәмамдайды. Кейін Ленинградтағы әскери училищеде оқиды. Мурманск, Архангельск қалаларында қызмет атқарады. Жұмыс бабымен қазіргі Махамбет ауданына келіп, түрлі саладағы жұмыстарда беделімен көріне білді. Павел Александрұлы кезінде Тұңғыш Президент Елбасымен қазіргі президент Қ.Тоқаевты кемемен Жайықта қыдыртқанын сағынышпен еске алады. 1963 жылы Мариямен танысып, көп кешікпей шаңырақ көтереді. Екі қыз бен бір ұлды өмірге әкеледі. Өкінішке орай, ұлдары ерте өмірден озды. Ал қыздарының екеуі де теңдерін тауып, бірі Астраханға, бірі Краснодарға кеткен.

«Біз ешкімді ұлтына қарап бөлмейміз. Біз біргеміз, осы жерде өстік, осы жерде өркендедік. Қай жерге барсақ та, махамбеттіктерді көріп қалсақ, туғанымызды көргендей боламыз. Көршілерім тойларына, туған күндеріне шақырады, әлі күнге дейін осы дәстүрден жаңылған емес. Ең бірінші қонақтары әрқашан біз болдық»,- дейді әзіл-қалжыңы жарасқан Болдыревтар.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521