ЖОЛДАУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІН КӨРСЕТТІ

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы Жолдауында нақты мәселелер қарастырылып, соның ішінде басымдылық берілген салалардың бірі – білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет саласына айрықша көңіл бөлгендігін көруге болады.

Ел Президентінің бұл айтқаны ұстаздарды қосымша міндеттемелерден арылтып, нақты өз істері – шәкірттерге білім берумен тиянақты айналысуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. Білім беру, денсаулық сақтау саласының жақсарып, ұстаздарға қолжетімді, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері оң шешімін табатындығына сеніміміз молайды. Сонымен қатар «Дипломмен- ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, білім алушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу туралы пікірлері құнды болды. Қазақстанның әрбір азаматы ел келешегі үшін еңбек ететін болса, қандай да бір мәселе шешімін табары сөзсіз.

С.Айымбек,

Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай

орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Сурет:дереккөз 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT