Балаларға қуаныш сыйладық

Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын қуанышқа бөлеуді мақсат еткен «Қуаныш сыйла» жобасының мүшелері бүгіне дейін алты баланың туған күнін көңілді өткізуге үлес қосып үлгердік.

Қазан айында ауыл тұрғыны Қайрат Сәрсенов ағамыздың шаңырағында болып, Абдулла есімді ұлының 11 жасқа, Абдурахман есімді ұлының 13 жасқа толу мерекелерін бірге атап өттік.

Туылған күн барысында  қызықты ойындар ұйымдастырып,түрлі қызықты сыйлықтар табыс еттік. Балалардың ата-анасы осындай әлеуметтік жобаларды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Біз де ақжарма тілегімізді арнап, балалардың жүзіне қуаныш ұялатқанымыз үшін өзімізді бақытты сезініп қайттық.

А.Жанболатова,

«Қуаныш сыйла» жобасының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT