Көмек аса мұқтаждарға берілсе

Атаулы әлеуметтік көмек - аз қамтылған қалыптасқан өмірлік қиын жағдайды өздігінен еңсере алмайтын отбасыларға арналған мемлекеттік қолдаудың бір тетігі.

Аты айтып тұрғандай, көмектің негізгі мәні оның атаулы сипатында яғни нағыз мұқтаж адамдар ғана көмекпен қамтылуға тиісті. Алайда осы көмек түрі шыққалы оның маңынан түрлі дау-даламай өрбігені рас. Ел ішінде шынайы мұқтаж жандардың алдын орап, көл-көсір табыс тауып отырғандардың өзі жағдайын мүшкіл етіп көрсетіп, оңай олжаға кенелгендері де бар болып шықты.

Қазақта «қазан алса, кеңінен алып, етік алса, екеуін алып», ел арасындағы жоқ-жітікке ұсынудың орнына қарпып қалуды көздеуі өкінішті жайт. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмекке ел ішіндегі әлеуметтік ахуалы нашар, денсаулығы көтермейтін, бір сөзбен айтқанда шын мұқтаж отбасылардың ілігуін қалар едім. Әрі жаңа жылдан бастап әлеуметтік қызметтердің бірыңғай пакеті бекітілетін болды.

Бала тәрбиесінің қоғамында алатын орны ерекше. Әр ана өз баласына жақсылық ойлап, шаңырақ түтіні түзу ұшқанын қалайды.

Мен де отбасында 5 бала тәрбиелеп отырған бақытты анамын. Бұл балалар мен аналар үшін жасалып отырған баға жетпес мүмкіндік деп ойлаймын.

В.Балғожиева,

көпбалалы ана,

№39 орта мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT