Жолдау отаншылдыққа бастайды

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын санаторлық «Шолпан"бөбекжайы ұжымы да қызу талқылап, ұжым мүшелері тарапынан оң қолдау тапты.

Жолдауда еліміздің экономикасын дамыту және əлеуметтік мәселелерді шешу жолдары нақты көрсетілген. Медицина, білім беру, мәдениет саласындағы қызметкерлерді, шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше мән берілген. Мәселен, «Ауыл-ел бесігі» жобасының, «Бақытты отбасы» бағдарламасының іске қосылуы халықтың әлеуметтік жағдайын арттырады.

Алдымыздағы жылы қазақтың ұлы ғұламалары Əл-Фарабидің 1150 жылдық, Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары, Тəуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту шаралары жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашары сөзсіз.

Біз Президенттің Жолдауын қолдай отырып, нақты міндеттерді жүзеге асырып,елімізді өркендетуге өз үлесімізді қосамыз.

А.Мырзағалиева,

әдіскер психолог

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521