Жарқын болашақтың бағдары

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында алғашқы жолдауын жолдады.

Жолдауды ұжым болып танысып, пікір алыстық. Жолдауда түрлі мәселелерді, соның ішінде мемлекеттік тіл, мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық сияқты бірқатар тақырыптар қозғалғанына риза болдым. Өзім мұғалім болғандықтан «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы, мұғалімдерге жүктелетін жүктеменің азайтылуы, оқулық сапасының жақсаратындығы, мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жалақысын көтеру сияқты мәселелер педагог қауымын қуантқаны сөзсіз. Өзіміз тәрбиелеген оқушыларымыздың өмірде өз орнын тауып, кірпіш болып қаланғаны біздер үшін зор қуаныш. ЖОО білім алған шәкірттерімізді, оқу орны жұмыспен қамтитындығы көңілге жылылық ұялатты.

Алдағы болатын мерейтойларға дайындықтың басталғандығы, Әл- Фараби бабамыздың 1150, Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойлары аталып өтетіндігі мұғалімдер қауымын қуантты. Баянды бірлігіміздің арқасында Тәуелсіздігіміз нығайып, халқымыздың жағдайы жақсарып келеді. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенім білдіремін.

Тюрина Фазила Жауғаштықызы,

Есбол орта мектебінің директоры

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521