Сындарлы диалог - өркендеудің өзегі

Еліміз жаңа тарих тұғырындағы маңызды белеске жақындап келеді.

Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. 2019 жылғы 2 қыркүйек күні ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы Алмалы орта мектебінің ұжымында талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары анық көрсетілді.

Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанның алға даму жолына арнайы жұмыстар бекітілетіні белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы Жолдауында нақты мәселелер қарастырылып, соның ішінде басымдылық берілген салалардың бірі – білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет саласына айрықша көңіл бөлгендігін көруге болады.

Ел Президентінің бұл айтқаны ұстаздарды қосымша міндеттемелерден арылтып, нақты өз істері – шәкірттерге білім берумен тиянақты айналысуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. Білім беру, денсаулық сақтау саласының жақсарып, ұстаздарға қолжетімді, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері оң шешімін табатындығына сеніміміз молайды. Сонымен қатар «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, білім алушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу туралы пікірлері құнды болды. Жолдауды отырыста талқылай келіп, бірауыздан қолдау білдіріп, еліміздің дамып, өркендеуіне негіз болды деп сенім білдіреміз.

Қазақстанның әрбір азаматы ел келешегі үшін еңбек ететін болса, қандай да бір мәселе шешімін табары сөзсіз.

Қ.Галимов, Алмалы орта мектебі

директорының ғылыми-әдістемелік

жұмыстары жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521