Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы А. 2019 жылғы 22 қыркүйекте өзінің Махамбет ауданында орналасқан үйіне келіп, заңды некедегі жұбайы М-ға еш себепсіз тиісіп, боқтап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған.
Сот отырысында құқық бұзушы А. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын, жұбайы М-дан кешірім сұрайтынын, онымен татуласқанын айтып, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған. Сотпен А-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 73 бабының 1 бөлігімен қатысты әкімшілік іс осы Кодекстің 64 бабына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз