Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Р. 2019 жылдың 6- қыркүйегінде Алмалы ауылындағы заңды некедегі жұбайы К-ні ұрып соғып, дене жарақатын салған. Яғни денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, жұбайының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.
Сот отырысында құқық бұзушы Р. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, енді ондай жағдай енді қайталанбайтыны жөнінде жауап берген. Сотпен Р-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 73-1 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оны әкімшілік жауаптылыққа тартып, ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз