Арақты ең көп тұтынатын Қазақстандағы аймақ анықталды

15 жастан асқан бір қазақстандықтың неше литр арақ тұтынатыны белгілі болды деп хабарлады FinProm.

2018 жылдың басындағы есеп бойынша ең көп ащы суды тұтынатын аймақ Қарағанды облысы.Бір тұрғынға шаққанда 4,8 л –ден келеді.Бұл Оңтүстік Қазақстаннан жеті есе көп (Бұрынғы Түркістан облысы және Шымкент қаласы) Ал ішімдік ішудің ең төмен деңгейі Оңтүстік Қазақстан Облысы болып саналады.

Бұнда бір адамға 0,7 литрден келеді. Ағымдағы жылы ішімдіктің бағасы аспандап кетуіне байланысты ішімдікті көп тұтынатын қазақстандықтар бір мезгілде мүлдем ішуді тоқтатады немесе сауда-саттық тұңғиыққа батады деген болжам жасалды.

2019 жылдың наурыз айынан бастап ішімдіктің ең төменгі бағасы 1923 теңге болып белгіленген. Ал 2018 жылы ішімдіктің бағасы бірден 200 теңгеге қымбаттаған болатын.

kursiv.kz

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT