Соңғы уақытта елімізде темір тұлпардан келетін апат оқиғалары жиі орын алуда.
Бұқаралық құралдары арқылы жол жүру ережелеріне қатысты тәртіп қатаңдатылғанын, айыппұл көлемінің ұлғайтылғанын айтудайын айтылып, жазудайын жазылып жатыр.
Газетіміздің өткен жылғы сандарында бұл тақырып елеусіз қалмай, екі-үш мәрте көтерілген еді. Рас, жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуы кім-кімді де алаңдатпай қоймайды. Темір тұлпарды тізгіндемесе де, жай ғана жолдан өтем деген талай жолаушының өмірі қыршынынан қиылды.
Газетіміздің 2019 жылдың №52 санында тілші А.Сатаеваның «Жолайрықта жол апаты жиілеп тұр немесе бағдаршамның жыры қашан бітеді?» деген мақаласында zh-shugylasy.kz жолдағы жүргізушіге бағыт-бағдар беріп, ескерту жасап тұратын жол қауіпсіздігі белгілері туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары А.Сапаровқа бірнеше сауал тастаған болатын.
Өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған бөлім басшысы жыл аяғына дейін 10 дана «жасанды бұдырлық» жол кедергісі және 94 дана жол белгілері жоспарланғанымен, жобаға жауапты мердігер компания жұмысты толық атқармағанын айтып қалды. Осыдан кейін көп ұзамай мақалада айтылған аймақтарға жол белгілері орнатыла бастағанын байқадық.
Махамбет аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық инспекция тобынан білгеніміздей, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жергілікті атқарушы органдарына берілген 95 ұйғарымның 50-і орындалып отыр.
Орындалған 50-дің атын атап, түсін түстеп тоқталар болсақ:
«Жаяу жүргінші өткелі» - 11;
«Жасанды бұдырлық» - 24;
«Жол беріңіз» - 18;
«Биіктікті шектеу» - 4;
«Кіруге тыйым салынады» - 1;
«Балалар» - 1;
«Мүгедектер»- 1;
«Ең жоғарғы жылдамдықты шектеу(60)» - 1;
«Мал айдау» - ;
«Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» - 1;
«Басып озуға тыйым салынады-3.20» - 1;
«Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы 3.21» - 1;
«Басты жол 2.1» - 1;
«Қауіпті бұрылыс 1.11.1 – 1.11.2» - 2;
«Жағалауға шығу» - 2;
«Біржақты жүру жолы» - 1;
«Оңға және солға бұрылуға тыйым салынады 3.18.1 – 3.18.2 – 2;
«Аялдамай жүруге тыйым салынады 2.5» - 2 белгілері орнатылған.
Б.САПАРОВА