Жаңа жылда – жаңа жәрдемақы

2020 жылдың алғашқы аптасындағы ең айтулы жаңалық – көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақының түсуі болып отыр.

Өткен жылғы жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бала саны 4 немесе одан көп отбасыларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы тағайындау туралы тапсырма берген еді. Елге берген уәде жерде қалмай жаңа жылдың алғашқы аптасы жәрдемақы алғандардың жақсы тілегімен басталды. Солардың бірі, «Күміс алқалы» ана Гүлмира Атшыбаева:

- Бұрын мен «күміс алқалы» ана ретінде мемлекеттен 16160 теңге жәрдемақы алып отырдым. Өткен жылы АӘК-ге құжат тапсырған едік, жолдасымның табысы артып кетті деп, ілікпей қалғанбыз. Енді міне, көп ұзамай көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізіп отырмыз. Ай сайынғы табыстан бөлек, 42500 теңге төленуі әрбір көпбалалы отбасыға үлкен қаржылай қолдау. Осылай, аналарды құрметтеп, қолдап, олардың жағдайын алдыңғы қатарға қойып отырған президентімізге зор ризашылығымды білдіремін. Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толып болып, әрбір шаңырақтан сәбидің күлкісі арылмасын,-деген ақжарма тілегі мен алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш мемлекеттік жәрдемақы: 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді.

Орта есеппен алғанда, оның мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тағайындалмайтын осыған ұқсас жәрдемақыдан 4-7 есеге көп.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521