Жер пайдаланушылар назарына!

Қазақстан Республикасы Жер кодексіне 2018 жылдың 4 мамырында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған өзгерістерге сәйкес Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының да құзыреті мен міндеттеріне де ішінара өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда Жер кодексінің 147 бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Яғни Құлсары қаласы, аудандар мен селолық және ауылдық округ әкімдерінің жерге қатысты шешімдерінің заңдылығын тексеруді басқарма құзыретіне берген. Сонымен қатар осы баптың 2-1 тармағы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда): мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелердің жасалуына жол бермеу; жердің нысаналы мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi. Бұл Құлсары қаласы және әрбір ауыл әкімі өзі басқарып отырған ауылдың немесе қаланың аумағында орналасқан жоғарыда көрсетілген заң бұзушылыққа жол берген жеке тұлғаға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мемлекеттік бақылау жүргізе алады дегенді білдіреді.

2-2 тармағы бойынша аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, яғни әкімдік ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға, атап айтқанда: 1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қал- пына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне; 2) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына; 3) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік ба- қылауды ұйымдастырады және жүргізеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Атырау қалалық және аудандық әкімдіктеріне жоғарыда көрсетілген жер заңдылықтарының бұзылуы анықталған жағдайда мемлекеттік бақылау жүргізу құқығы берілген. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бұл мақсаттағы жер учаскелеріне мемлекеттік бақылау жүргізбейді.

Сонымен қатар, басқармада көптеп кездесетін заң бұзушылықтар бұл жер учаскесінің мақсатына сай пайдаланбауы, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленуі, жер учаскесінің мақсатын бұза отырып, пайдалану фактілері. Бұл жергілікті атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғалардан түскен хаттар мен өтініштер арқылы белгілі болып отыр. Сондай-ақ, жоғарыда аталған заң бұзушылықтар прокуратура органдары арқылы анықталып отыр. Жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы прокуратурамен бірлесіп, жұмыс атқаруда. Заң бұзушылықтар ауылдық елді мекендерде жер учаскесін өз бетімен ұзартулар нәтижесінде немесе жер учаскесіне өтініш білдірген соң жер учаскесіне игере бас- тауы көптеп кездесуде. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 және 339 баптарына сәйкес әкімшілік іс қозғауға әкеп соғады. 2018 жылдың І жартыжылдығында жалпы көлемі 417,35 гектарды құрайтын 104 жер учаскесіне кезектен тыс тексеріс жүргізу барысында 87 заңбұзушылықтар анықталды. Осы 87 заңбұзушылықтар бойынша жалпы көлемі 375,41 гектар жер учаскесіне әкімшілік іс қозғалып, 11205,6 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 7754,3 мың теңгесі өндірілді. Осыған орай, жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелеріне жер учаскелерін мерзімінде берілген мақсатта пайдалануын, жер учаскесін құжаттарын рәсімдеген соң яғни жер учаскесіне пайдалану актісін алған соң ғана жер учаскесін пайдаланылуын, өз бетімен жер учаскесін көлемін өсірмеуін сұраймыз. Заңды білу – барлық азаматтың парызы.

Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521