Жаза басқанның бәрі жаман адам емес

Аудандық әкімшілік полиция ғимаратында Пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар арасында «Кәсібін ашқан ұтады» атты кездесу ұйымдастырылған болатын.

Оған Махамбет аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Р.Зулкашев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің инспектор-әдіскері Ә.Табылдыұлы қатысты.

Кездесуді аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Н.Ташекенова ашып, келген меймандармен таныстырып, шара төңірегінде ой өрбітті. Ол ҚАЖ департаменті Махамбет Пробация қызметі бөлімшесінің ҚР Үкіметінің 2016 жылдың 29 желтоқсандағы №912 қаулысымен бекітілген ҚР бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында кәсіпкерлік бөліммен кездесу ұйымдастырылып отырғанын меңзеді. Әсіресе, түзеу орындарынан шыққандардың жұмысқа орналасуында біраз қиындықтар туындайтынын, кей мекемелер істі болған азаматтарды жұмысқа алғысы келмейтінін, сондықтан ешкімге кіріптар болмай, жеке кәсібін ашқанды тәуір көретінін айтты. Мамандығы жоқтар оқып, белгілі мамандықты игергенін, өз бетімен, жұмыспен қамту орталығы арқылы шетелдік компанияларға орналасқан жігіттер барын тілге тиек етті.

Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Р.Зулкашев пробация қызметімен бірлесіп, сотталғандармен жүйелі, жоспарлы жұмыстар жүріп жатқанын, спорттық жарыстар,кәсіпкерлік бағытты түсіндіру, қылмыстың алдын алу шаралары ұйымдастырылатынын айтты.

Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің инспектор-әдіскері Ә.Табылдыұлы арнайы «Кәсіпкер», «ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламалары, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген несиелер барын айтып, хабардар етті. Кәсіп ашу үшін 1 ай кәсіпкерлік оқуы барын, арнайы шәкіртақы төленетінін еске салды. Залдан сауалдар тасталып, маман оған жауап қайтарды. Кездесуді аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Н.Ташекенова қорытындылады.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521