«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы сараланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік санасын қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Соның бірі – «Адал ұрпақ» еріктілер клубы. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, адамгершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыруды көздейтін бұл жоба ауданымызда 2016 жылдан бастап қолға алынған болатын. Аталған клубтың атқарған жұмыстарын саралау бағытында Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен жиын өткізілді.

Оған аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімінің басшысы Бота Сапиева, ағымдағы жылдан бастап жұмысын бастаған Махамбет адалдық алаңы жобалық кеңсесінің төрайымы Наргиз Ғинаятова, аудандық білім бөлімінің заңгері Ақтолқын Буденова және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

- Махамбет адалдық алаңы жобалық кеңсесін ашудағы мақсат - қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Қазіргі таңда жоба аясында мектеп және балабақша басшылары екініші қабаттан төменгі қабатқа ауыстырылуда. Аудандық және ауылдық округ әкімдіктерінде де бөлім басшылары мен мамандарының «Open spаse» технологиясымен бір кабинада отыру жүзеге асырылуда. Бұл азаматтардың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімнің артуына, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түбегейлі жойылуына мүмкіндік береді. Өздеріңізге белгілі мектептерде сатушысы жоқ «Адалдық» дүкені жасақталды. Сатушысы жоқ дүкенге қойылған заттарды оқушылар тегін емес, өздері бағалау арқылы сатып алады. Бұл жердегі мақсат - оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу. «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері мектептерде ақша жинау, мұғалімдерге сыйлық жасау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерді анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізетін болады, - дейді Н.Ғинаятова. Қазіргі таңда аудан бойынша құрылған «адал ұрпақ» клубының саны 17-ге жетіп, оған 202 оқушы мүше болып еніп отыр. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімінің заңгері А.Буденова айтып берді.

- Әр мектеп бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс жоспары жасалып, негізі міндеттері белгіленді. Еріктілер клубының жұмысы 3 секциядан тұрады. Олар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат мен шығармашылық, мәдени-көпшілік іс-шаралар. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттықты қалыптастыруға бағытталған шараларды іске асыру; оқушылардың мемлекеттік үкімет институтына сенімін арттыру, олардың бойында саяси-құқықтық білімін, адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін дамыту міндеттері қойылды, - дейді ол. Семинар барысында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына жауапты, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары клубтың атқарған жұмыстарыы, оның нәтижелері мен жетістіктері жайлы баяндады. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан сұрақ қойылып, ұсыныстар айтылды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521