Құмар ойындарға құрық салынуда

Бүгінгі таңда заңсыз ойын бизнестері – қоғамдағы ең өзекті мәселе болып отыр.

Бұл ойындарға адамның психологиялық тұрғыдан бағынышты болуы – түрлі қылмыстардың орын алуына әкеліп соғуда. Осыған орай Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті төмендегі жадынаманы қаперге береді.

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №219 «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында ғана рұқсат етіліп, ҚР-ның басқа аймақтарында орналастыруға тыйым салынды. Аталған заң талаптарының бұзылуы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті жүктейді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445 бабына сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ ҚР аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі не ақшадан басқа, өзге де мүлік түрінде ставка қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру – ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып:

-Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК (757 500тг) айыппұл салуға; -Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК (2 525 000тг) айыппұл салуға әкеп соғады.

-Осы әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасауы – ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынын алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып, -Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК (1 010 000 тг.) айыппұл салуға;

-Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 2000 АЕК (5 050 000 тг.) айыппұл салуға әкеп соғады.

-ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабына сәйкес, ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не ҚР ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру- мүлкі тәркіленіп, 2000 АЕК (5 050 000тг) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өз тілшіміз Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521