Жастардың білімін көтеру шетелдік жұмыс күшін азайтуға мүмкіндік береді

Бүгін, 4 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырауға келген жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесті, - деп хабарлайды azh.kz.

Мемлекет басшысы халықпен кездесуі барысында отандық өнім өндірушілерді дамыту үшін мұнайгаз секторының әлеуетін барынша пайдалану керектігіне тоқталды. Оның ішінде үкіметке консорциумдармен тиісті жұмыс жүргізуді, жергілікті өнім өндірушілер үшін тең құқылы жағдай жасауды, біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

-Біліктілігі жоғары жергілікті мамандар даярлау үшін колледждер базасында біліктілік орталықтарын құру керек. Азаматтарымыз сапалы білім алып, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы үшін бар жағдайды жасауымыз керек. Әкімдік пен үкімет қандай мамандық бойынша қанша адам дайындау керектігін алдын ала анықтауы тиіс. Бұл шара шетелдік жұмыс күшін барынша азайтуға мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT