Балықтың қырылуына қатысы барлар жазасын алады

Жұмыс сапарым Атырауға келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесу барысында өңірдің балық шаруашылығы мәселесіне де тоқталды деп хабарлайды azh.kz.

Кеше ғана балығы мұнайдан кейінгі екінші байлығы саналған Атыраудың қазіргі ахуалы мәз еместігін атады. Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтардың жыл өткен сайын азайып бара жатқанына қынжылыс білдірді.

- 2012 жылы біз бекіре балықтарын аулауға толық тыйым салдық. Соған қарамастан бекіре 2 есеге, шоқыр 7 есеге азайды. Бұл саланы дамыту үшін инвесторларды тартып, браконьерлікпен күресті күшейту керек. Жыл сайын қыруар қаржы бөлініп жатқанына қарамастан Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы жыл өткен сайын тартылып бара жатқаны бұл салада тиімді жұмыс жасалмайтынын көрсетеді. Су көздерін сақтау үшін Ресеймен ынтымақтастықты нығайта түсу қажет. Бұл жұмысты өз қолыма аламын, – деген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өткен жылдың желтоқсанда Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу оқиғасына орай өзеннің хлормен улануына кім кінәлі екені анықталған жағдайда лайықты жазасын алатынын айтты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT