Жастар да жақсылықтан шет қалмайды

Арыс қаласында болған оқиға қай-қайсымызды да бей-жай қалдырмады.

Қазақ халқы қашанда жанашыр, бауырмал екенін тағы да көрсетті. Қандастарымыздың басына іс түскенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, көмек көрсету, демеу болу баршамыздың адами борышымыз екені анық. Көп түкірсе көл демекші «JARQYN BOLASHAQ» жастар қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған «QULABYZ» еріктілер жасағының еріктілері де ауданның белсенді кәсіпкері Равиль Жұмалиев ағамыздың бастамасына қолдау көрсетіп, бір ауыздан бірігуге ниет білдірді.

Жасақ мүшелері мүмкіндігінше қаражат жинап, қажетті азық-түліктер мен заттарды алып, көрсетілген орынға жеткізуге бел буып отырмыз. Әлбетте қазақта «оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін» деген қағида бар.

Дегенмен кәсіпкер ағамыз бен белсенді жастардың осындай бастамасы көпке үлгі болса екен деп тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Нұрай СҮЙЕУҚЫЗЫ, «QULABYZ»

еріктілер жасағының жетекшісі.

Сурет:ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521